Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Ресми интернет-ресурсы

Облыстық онкологиялық диспансері ШЖҚ МКК

130000, Маңғыстау обл. Ақтау қ., 26-шағын ауданы, № 2-үй аурухана қалашығы 
Телефон: +7 (7292) 431311
Факс: +7 (7292) 431311
Сенім телефоны: 33-21-57 

E-mail: oncology_aktau@rambler.ru

Health City қосымшасы:
Android
Iphone

04.07.2017
163
15:00
Ақтауда өмірден өткен дәрігерлерге арналып ескерткіш ашылды

Облыста денсаулық сақтау саласын дамытуға үлес қосып, талай жылдар табысты еңбек еткен ақ халатты абзал жандарға арналып ескерткіш ашылды. Маңғыстау облыстық ауруханасының аумағынан ескерткіштің бой көтеруіне «Ардагер дәрігерлер ассоциациясының» Маңғыстау облыстық филиалы мұрындық болды.

Ескерткіштің салтанатты ашылуына облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Клара Оралбаева, Ақтау қаласының әкімі Серікбай Трұмов, «Ардагер дәрігерлер ассоциациясы» МОФ төрағасы Сәбит Кузанов, медицина мекемелерінің басшылары мен дәрігерлер қатысты.

- Бүгін-тарихи күн. Өңірдің медицинасын дамытуға өлшеусіз үлес қосып, өмірден өткен әріптестерімізге арнап ескерткіш ашып отырмыз.  Аға-апаларымыз облыстың жаңадан құрылып, медицина ошақтарының жаңадан пайда болған кезінде табанды еңбек етіп, денсаулық сақтау саласын дамытуға айтарлықтай үлес қосты. Біз олардың еңбегін ешқашан ұмытпаймыз,-деген облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Клара Оралбаева ескерткішке өмірден өткен 102 ақ халатты абзал жанның есімі қашалып жазылғанын жеткізді.

«Ардагер дәрігерлер ассоциациясы» МОФ төрағасы Сәбит Кузановтың айтуынша, ескерткіш орнатуға ұсыныс айтылғанда медицина қызметкерлері бірауыздан қолдап, бір күндік жалақыларын аударған.

- Мен бақилық болған дәрігер әріптестеріме ескерткіш орнату жөніндегі идеямды жүзеге асыру үшін өткен жылы Ақтау қаласының әкіміне, қалалық құрылыс бөлімінің басшыларына барып, ақылдасып, ойымды айттым. Бұл идеяны сол кездегі облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылары да қолдады. Қаражат жағынан дәрігерлер көмектесті. Облыстағы медициналық мекемелер 1 күндік жалақыларын аударды... Бүгін салтанатты түрде ашылып отырған ескерткішіміз алдағы уақытта әр түрлі бағытта салтанатты шараларды өткізетін орынға айналады деп сенемін. Есімдері ескерткішке қашалып жазылған дәрігерлердің ұрпақтары ғана келетін орын ғана емес, бүгінгі медицина қызметкерлерінің де жиі бас қосатын орнына айналады деп ойлаймын,-дейді «Ардагер дәрігерлер ассоциациясы» МОФ төрағасы Сәбит Кузанов.

Есімдері ескерткішке қашалып жазылған 102 дәрігердің арасында Жамбыл Давлетовтің де есімі бар. Ақ халатты абзал жан киелі түбек Маңғыстауға 1971 жылы қоныс аударған. Сол жылдардан бастап алғашқы анестезиолог-реаниматолог дәрігер ретінде еңбек етіп, өңірде денсаулық сақтау саласының дамуына үлес қосқан.  

- Бүгін ескеркіштің салтанатты ашылуына арнайы қатысып отырып, жолдасымның есімін ескерткіш тақтадан оқып, көзіме еріксіз жас алдым. Денсаулық сақтау саласын өркендетуге үлес қосқан жолдасым Жамбылдың жолын қызы Назгүл мен ұлы Нұрлан жалғады. Назгүліміз-гинеколог-дәрігер болса, Нұрланымыз-уролог-дәрігер. Әке жолын қуған, үмітімізді ақтаған балаларыма ризамын. Бақилық болған әріптестеріне ескерткіш орнатқан барлық дәрігерлер қауымына алғысымды айтамын,-дейді Алипа Давлетова.


Венера МИРЛАН

Чтобы добавить вопрос, вам необходимо


немесе


Полезная информация
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі mzsr.gov.kz
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы dsb.mangystau.gov.kz
Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы heartcenter.kz
Ұлттық медициналық холдинг nmh.kz
Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы emergency.kz
Ұлттық нейрохирургия орталығы neuroclinic.kz
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы nrcmc.kz
ҚР Президенті іс басқармасы Медициналық орталығы mcudprk.kz
Республикалық балаларды оңалту орталығы rdrc.kz
Маңғыстау облыстық онкологиялық диспансері onko.mangystau.kz
Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығы mopc.kz
Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Маңғыстау облыстық департаменті medfarm-aktau.kz
МКК «Маңғыстау облысының СПИДпен күресу және алдын алу орталығы» antispid.kz
Маңғыстау облысының "ҚАННЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ" mangystau-ock.kz
Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының облыстық орталығы zozh.mangystau.kz
Сіздің сайт бойынша пікіріңіз
   Ваш отзыв о сайте