Маңғыстау облыстық онкологиялық диспансерінде ашық есік күні өтеді.
Сүт безі, жатыр мойыны, асқазанның, өңеш пен ішектің қатерлі ісіктерін анықтау мақсатында онколог, маммолог, онкогинеколог, эндоскопист және ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) маманы тексереді.
Тексерілуге келген тұрғындардың өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс. Тексеру аш қарынға жүргізіледі.
Тексеруден өткеннен кейін әрбір тұрғын қажет болған жағдайда дәрігердің жолдамасы бойынша компьютерлік және магниттік-резонанстық томографтарда тегін зерттеу мүмкіндігіне ие болады.
Ашық есік күні 2 қарашада сағат 9:00-ден 14:00-ге дейін облыстық онкологиялық диспансер ғимаратында өтеді.