Маңғыстау облыстық онкологиялық диспансерінде ашық есік күні өтеді. Диспансер мамандары онкологиялық ауруларға тегін тексеру жүргізіп, компьютерлік және магниттік-резонанстық томографтарда тексеруден өту мүмкін болады.
Ашық есік күнін ұйымдастыру сүт безінің, жатыр мойнының, асқазанның, өңеш пен ішектің қатерлі ісіктерін анықтауға бағытталған.
- Әрбір науқас қаралып, тексеруден өткеннен кейін маманның жолдамасы бойынша компьютерлік және магниттік-резонанстық томографтарда (КТ және МРТ) тегін зерттеу мүмкіндігіне ие болады, - деп түсіндірді диспансерде.
Ашық есік күні медициналық ұйымда онколог, маммолог, онкогинеколог, эндоскопист және ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) маманы жұмыс істейтін болады.
Тексеруге өзімен бірге жеке куәлігі мен аш қарынға келу керек.
Қабылдау облыстық онкологиялық диспансердің ғимаратында өтеді. 71/6 ғимараты сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды.