Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Ресми интернет-ресурсы

Облыстық онкологиялық диспансері ШЖҚ МКК

130000, Маңғыстау обл. Ақтау қ., 26-шағын ауданы, № 2-үй аурухана қалашығы 
Телефон: +7 (7292) 431311
Факс: +7 (7292) 431311
Сенім телефоны: 33-21-57 

E-mail: aktauo@list.ru 

Health City қосымшасы:
Android
Iphone

30.06.2021
263
12:40
ВАК отырысында халықты МӘМС жүйесімен қамту мәселелері талқыланды

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі халықты қамту мәселелері МӘМС енгізу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында талқыланды.

МӘМС енгізілуіне байланысты медициналық көмекті қаржыландыру өсімі 2019 жылмен салыстырғанда 80%-ды құрады. Осы қаражат есебінен еліміздің сақтандырылған халқы 81 млн мамандар консультациясын және диагностикалық қызметтерді ала алады, бұл 2020 жылға қарағанда 25%-ға артық, оның ішінде 930 мың қымбат тұратын зерттеулер (КТ/МРТ), медициналық оңалтудың 1 млн-нан астам қызметі 3 есе өсумен, азаматтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге қолжетімділік 30,9%-ға артады.

Алайда, медициналық көмекке қолжетімділігі шектеулі МӘМС жүйесімен қамтылмаған тағы 3,2 млн. қазақстандық қалып отыр, Маңғыстау облысы бойынша 4%-ы.

2020 жылы қордың жинақталған активтері есебінен пандемия және шектеу шаралары кезеңінде табыссыз қалған азаматтарға (Үкімет актілеріне сәйкес), сондай-ақ БЖТ төлеушілерге жеңілдік нормасы бойынша МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсетілгенін атап өту қажет.

 Жұмыс берушілердің жауапкершілігі аясында МӘМС жүйесінен жұмыскердің "шығу" тәуекелі

Осыған байланысты Мемлекеттік кірістер комитетіне МӘМС енгізу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының қорытындысы бойынша түсетін жалдамалы қызметкерлердің МӘМС-ке төлемді уақтылы төлеу бөлігінде жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыру бойынша шаралар қабылдау және ай сайынғы негізде төлеушілер бөлінісінде берешекке мониторинг жүргізу тапсырылды.

Бұл жұмысты филиал Мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп жүргізеді. Бүгінгі таңда облыстың 338 ШОБ субъектісі ақпараттық жүйеде өз деректерін өзектендірген жоқ.

Күндізгі оқу студенттеріне МӘМС мәртебесін алу үшін E-gov порталында тіркеуден өту қажет

Мемлекеттік органдар МӘМС енгізу жөніндегі ВАК отырысы барысында күндізгі оқу студенттерінің мәртебесінің болмауы және оқудың өткен кезеңі үшін берешектердің туындауы мәселелерін талқылады.

Шетелдік оқу орындарында оқитын студенттерге МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесін беру мақсатында Қор ҚР Сыртқы істер министрлігі мен ҚР Елшіліктерінің ресми сайттарында электрондық үкімет порталы арқылы студент ретінде тіркелу қажеттілігі туралы ақпараттық-түсіндіру сипатындағы хабарламаны орналастыру мәселесін пысықтады.

Сонымен қатар, оқу жылының аяқталуына байланысты МӘМС жарналарын мемлекет жүзеге асыратын он сегіз жасқа толған тұлғалардың жеңілдікті санаттан түсу тәуекелі байқалады. Мысалы, 18 жасқа толған, бірақ оқуын жалғастыратын Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары орта білім беру ұйымдарындағы білім алушылар санатынан шығады.

Білім алушыларды МӘМС жүйесімен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында ҚР Білім және ғылым министрлігіне студенттер, оның ішінде шетелде оқитындарға және 18 жасқа толған орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқушылары бойынша online режимге деректерді уақтылы енгізуді, өзектендіруді және беруді қамтамасыз ету тапсырылды.

ВАК барысында мерзімді әскери қызметшілерге сақтандыру мәртебесін беру мәселесі талқыланды

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мерзімді әскери қызметтен өтіп жатқан немесе өткен азаматтарды МӘМС жүйесінен шығару мәселесін көтерді

Анықталғандай, әскери бөлімдердің кадр қызметтері мерзімді қызмет әскери қызметшілері бойынша мәліметтерді "адамдарды арнайы есепке алу" ақпараттық жүйесіне ("АЕА" АЖ) уақтылы енгізбейді. Осыған байланысты оларда қызмет кезеңі үшін берешек пайда болады және әскерден оралғаннан кейін олар МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған болып шығады.

Оларға сақтандыру мәртебесін беру үшін Қор растайтын құжат-әскери билет негізінде ҚР Қарулы Күштері қатарында қызмет еткен кезеңі үшін МӘМС жүйесіндегі берешекті алып тастау бойынша жұмыс жүргізуде.

Осыған байланысты Қорғаныс министрлігіне МӘМС шеңберінде тұтынушы мәртебесін одан әрі беру үшін мерзімді қызмет әскери қызметшілері бойынша мәліметтерді "Адамдарды арнайы есепке алу" ақпараттық ресурсына енгізуді қамтамасыз ету тапсырылды.

Қазақстанда МӘМС мәртебесін өзектендіру үшін азаматтардың дерекқорына салыстыру жүргізіледі

Бүгінгі таңда шетелдіктердің тұруға ықтиярхаты бойынша құжат алғанға дейін МӘМС жүйесінде кезеңді сәйкестендіруде мәселе бар.

Осыған байланысты, Қорға ҚР ІІМ-мен бірлесіп, ықтиярхатты алу күніне байланыстыруды жүзеге асыру үшін Қордың АЖ-ін ҚР ІІМ-нің АЖ-мен интеграциялау бойынша жұмыс жүргізу тапсырылды.

Сонымен қатар, Қордың "Saqtandyrý" АЖ-да сақтандырылмаған халық саны дұрыс қалыптаспайды, өйткені ҚР Әділет министрлігінің "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қорында (бұдан әрі – ЖТМДҚ) есепте тұрған, басқа елдерге тұрақты тұруға кеткен, қайтыс болған ҚР азаматтарының мәліметтерін өзектендіру тетігі жоқ.

Осыған байланысты, Денсаулық сақтау министрлігіне Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығымен және Әділет министрлігімен бірлесіп, "Бекітілген халық тіркелімі" және "Жеке тұлға "мемлекеттік деректер қоры" ақпараттық жүйелерінде қайтыс болғандар мен тұрақты тұруға кеткен адамдар бойынша сүзгіні белгілей отырып, процесті автоматтандыру тетігін одан әрі әзірлеп, мәртебелерді салыстырып тексеруді және өзектендіруді қамтамасыз ету тапсырылды


Чтобы добавить вопрос, вам необходимо


немесе


Пайдалы ақпарат
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі mzsr.gov.kz
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы dsb.mangystau.gov.kz
Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы heartcenter.kz
Ұлттық медициналық холдинг nmh.kz
Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы emergency.kz
Ұлттық нейрохирургия орталығы neuroclinic.kz
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы nrcmc.kz
ҚР Президенті іс басқармасы Медициналық орталығы mcudprk.kz
Республикалық балаларды оңалту орталығы rdrc.kz
Маңғыстау облыстық онкологиялық диспансері onko.mangystau.kz
Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығы mopc.kz
Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Маңғыстау облыстық департаменті medfarm-aktau.kz
МКК «Маңғыстау облысының СПИДпен күресу және алдын алу орталығы» antispid.kz
Маңғыстау облысының "ҚАННЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ" mangystau-ock.kz
Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының облыстық орталығы zozh.mangystau.kz
Сіздің сайт бойынша пікіріңіз
   Ваш отзыв о сайте