Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Ресми интернет-ресурсы

Облыстық онкологиялық диспансері ШЖҚ МКК

130000, Маңғыстау обл. Ақтау қ., 26-шағын ауданы, № 2-үй аурухана қалашығы 
Телефон: +7 (7292) 431311
Факс: +7 (7292) 431311
Сенім телефоны: 33-21-57 

E-mail: aktauo@list.ru 

Health City қосымшасы:
Android
Iphone

30.07.2020
139
17:30
КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫҢ ТАРАЛУЫН АЛДЫНАЛУ МАҚСАТЫНДА ҚАБЫЛДАНҒАН ШАРАЛАР

Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығында өткен онлайн-брифингте Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің МО бойынша департаменті басшысының орынбасары Айжамал Қалмағамбетова коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу мақсатында қабылданған шаралар жөнінде мәлімет берді.

Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін 4 медициналық мекеме бар. Инфекцияның таралуын болдырмау үшін қарттар мен мүгедектер, мекеме қызметкерлері арнайы тексеруден өтеді.

«Ем алушы науқастардың дене қызулары күн сайын өлшенеді, егер көтерілген жағдай болса қызметкерлер тексеруге барады. Қызмет көрсететін мамандар мен емделушілерге бір реттік медициналық маскалар беріледі. Антисептиктерді пайдаланып, барлық бөлмеге күніне 3 рет тазалық шарасы жүргізіледі. Қауіпті індеттің жұқтыру қауіпін азайту үшін мекеме аумағында тексеріс жүргізіледі. Сонымен қатар, МӘМ-нің қызметін жақсарту және сапасын бақылау мақсатында қоғамдық кеңес құрылды. Қоғамдық кеңестің құрамына осы әлеуметтік мекемелерде тұратын қызметкерлердің туыстары кірді. Олар кез келген уақытта қызмет сапасын тексеріп, туындаған проблемаларды айтып отыру үшін қоғамдық кеңеске кіргізілді. Бұл шаралар қызметтің ашық әрі адал жасалуына, қызметкерлердің тәртіпті сақтауына негізделген»,-деді Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің МО бойынша департаменті басшысының орынбасары Айжамал Қалмағамбетова.

Әр қызмет алушыға тұрмыстық қажеттіліктерін өтеу үшін 5 шаршы метрден орынжай бөлінген, төсек-орынмен, төрт маусымдық киім-кешекпен және жеке гигиеналық  құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Қажеттілігіне қарай және аптасына бір рет моншаға түседі, шаштараз қызметі көрсетіледі. Бүгінгі күні аталған мекемелерде барлығы 415 адам қызмет алуда. Қызметкерлер сәуір мамыр айында тәулік бойы демалыссыз жұмыс істеді. Қазіргі уақытта 4 медициналық-әлеуметтік мекемеде 334 бейнебақылау камералары орнатылған. Төтенше жағдай жарияланған күннен бастап денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, барлық қызмет алушылар мен қызмет көрсетушілер ПЦР тестілеуден өткізілді.

МҮГЕДЕКТІКТІ ҚАРАУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ МЕРЗІМІН ҰЗАРТУ

Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға және республиканың барлық аймақтарында карантиндік шаралардың күшеюіне байланысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 25 наурыздағы  № 109 бұйрығына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы 2020 жылғы 3 шілдедегі № 268 бұйрықты қабылдады.

«Бұйрықтың негізінде облыс бойынша 1754 адамның мүгедектік мерзімі 3 айға (11 мамыр - 31 шілде аралығы) автоматты түрде ұзартылды. Тиісінше мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың төленуін қамтамасыз ету үшін төлемдерді ұзарту бойынша жұмыстар ағымдағы айда жүргізілді. 2080 жәрдемақы алушыға автоматты түрде төлемдерінің мерзімдері ұзартылды. Бұл шара мемлекеттік мекемелерде адамдардың жаппай жиналуының алдын алуға және азаматтардың коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупін азайтуға бағытталған», деді МО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Жайсаңгүл Досполова.

Халықтың арасында «COVID-19» коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында, карантиндік шаралардың қатаңдатылуын ескере отырып қазіргі таңда  алғашқы куәландыру МӘС бөлімдерінде карантиндік шаралар аяқталғанға дейін " электрондық үкімет " веб-порталында "электрондық өтініш" сервисі арқылы тек онлайн режимде жүргізіледі. Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген бұйрық негізінде он алты және он сегіз жасқа толған мүгедек балаларды қайта куәландыру тіршілік тынысының шектелу дәрежесін ескере отырып, алдыңғы куәландыру мәліметтеріне сәйкес қолда бар құжаттардың негізінде сырттай жүргізілуде. Бұл бағытта 28.07.2020 жылғы жағдай бойынша 16 жастағы – 34, 18 жастағы – 48 мүгедек балаға мүгедектік мерзімі сырттай куәландыру арқылы 1 жылға ұзартылды.

Маңғыстау облысы бойынша мүгедектер саны – 28604. Оның ішінде ерлер – 15252. Әйелдер – 13352. 18 жасқа дейінгі балалар – 6119. 1 топ – 2319 адам. 2 топ – 12429 адам. 3 топ – 7737 адам.

МО ҚОҒАМДЫҚ КОММУНИКАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Чтобы добавить вопрос, вам необходимо


немесе


Пайдалы ақпарат
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі mzsr.gov.kz
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы dsb.mangystau.gov.kz
Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы heartcenter.kz
Ұлттық медициналық холдинг nmh.kz
Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы emergency.kz
Ұлттық нейрохирургия орталығы neuroclinic.kz
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы nrcmc.kz
ҚР Президенті іс басқармасы Медициналық орталығы mcudprk.kz
Республикалық балаларды оңалту орталығы rdrc.kz
Маңғыстау облыстық онкологиялық диспансері onko.mangystau.kz
Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығы mopc.kz
Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Маңғыстау облыстық департаменті medfarm-aktau.kz
МКК «Маңғыстау облысының СПИДпен күресу және алдын алу орталығы» antispid.kz
Маңғыстау облысының "ҚАННЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ" mangystau-ock.kz
Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының облыстық орталығы zozh.mangystau.kz
Сіздің сайт бойынша пікіріңіз
   Ваш отзыв о сайте