Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Ресми интернет-ресурсы

Облыстық онкологиялық диспансері ШЖҚ МКК

130000, Маңғыстау обл. Ақтау қ., 26-шағын ауданы, № 2-үй аурухана қалашығы 
Телефон: +7 (7292) 431311
Факс: +7 (7292) 431311
Сенім телефоны: 33-21-57 

E-mail: aktauo@list.ru 

Health City қосымшасы:
Android
Iphone

30.07.2020
150
10:21
БИЫЛ ҚҰРБАН АЙТ ЕРЕКШЕ ТӘРТІППЕН ӨТЕДІ

Бұл туралы МО қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте МО Дін істері басқармасының басшысы Мақсатбек Маханбетов мәлім етті.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мұсылмандар үшін қасиетті Құрбан айт мерекесі 31 шілде мен 2 тамыз аралығында өтетіндігін хабарлайды.

Мұндай шешім ҚМДБ жанындағы Ғұламалар кеңесінің кезекті отырысында қабылданды.

«Осыған орай, Маңғыстау облысының әкімдігі ҚМДБ өкілдігімен бірлесе отырып, карантин жағдайында Құрбан айт рәсімін өткізу бойынша бірқатар іс-шараларды пысықтады. Біріншіден, елімізде барлық мешіттердің жабық болуына байланысты Құрбан айт намазы оқылмайтындығын атап өтемін. Екіншіден, биылғы жылы құрбандық шалудың ерекше рәсімінің тәртібі жүзеге асырылатынын мәлімдеймін», - деді Мақсатбек Маханбетов.

Осы орайда ҚМДБ карантин кезеңінде 2020 жылғы 24 шілдеден бастап елімізде Құрбан айт күнін өткізу туралы «qurban2020.kz» cайты іске қосылды.

Бұл жоба аясында биыл құрбандық шалу шаралары қашықтықтан жүзеге асырылады. Ауылдарда жеке тұрғын үйдің болуына байланысты сайт жұмысы негізінен қала және аудан тұрғындарына арналады. 

Осыған сәйкес жобаны жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардың қатысуымен облыс, қала, аудан орталықтарында құрбандық шалатын орындар, мал бауыздайтын қасапханалар, құрбандық етін сақтайтын тоңазытқышы бар қоймалары санитарлық талапқа сәйкестілігіне тексеру жүргізіп, облыс орталығында арнайы мал бауыздайтын қасапхананы анықтау және ашу, құрбандық етін сақтайтын қоймалар мен тоңазытқыштармен қамтамасыз ету мақсатында «Құрық Строй Сервис» ЖШС-нің (кәсіпкер Нұржан Жұмағұлов)  мал сою цехы белгіленді. (промзона аймағы).

Қазір белгіленген орындарды қажетті мамандармен (ветеринар, қасапшы, құран бағыштаушы молда, еріктілер тобы) және етті тасымалдау үшін тоңызытқышы бар арнайы көліктермен қамтамасыз ету жұмыстары ұйымдастырылуда. 

Маңғыстау облысының Полиция департаментінің қызметкерлері 31 шілде – 2 тамыз аралығында  облыс аумағында белгіленбеген жерлерде мал сату, рұқсат етілмеген жерде құрбан шалу сияқты заңсыз іс-әрекеттерге жол бермеу үшін қоғамдық тәртіп шараларын ұйымдастырады.

Құрбан айт мерекесі қарсаңыңда облыстық «Бекет Ата» мешітінің бас имамы Әнуар Елжанов халықты үйден шықпай, онлайн құрбандық шалуға шақырды.

«Жер үйде тұратын азаматтар құрбандықты өз ауласында шала алады, ал көпқабатты үйлердің тұрғындары бұл жағдайда арнайы мал бауыздайтын орындардың қызметіне жүгінулері қажет», - деді Әнуар Елжанов.

Тағы бір ескеретін жағдай осыған дейін құрбандық шалған азаматтар құрбандық етін үшке бөліп, бір бөлігіне ағайын-туыс, көрші қолаңға арнап айттық дастархан жаятын.

«Ал, биыл  еттің үштен бірі шалған адамға берілмей, түгелдей әлеуметтік аз қамтылған жандарға, мұқтаж отбасыларға үлестірілетін болады. Осындай қиын-қыстау шақта азаматтарды пендешілікке салынып, пайда табу мен алыпсатарлыққа бармай, мал бағасын қымбаттатпауға, халықтың жағдайын ескеруге шақырамын. Қасапшылар да бұрынғыдай өз қызметі үшін алатын ақысын қымбаттатпай, жанашырлықпен елге қызмет етеді деп үміттенеміз», - деді облыстық «Бекет Ата» мешітінің бас имамы Әнуар Елжанов.

МО ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫ

Чтобы добавить вопрос, вам необходимо


немесе


Пайдалы ақпарат
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі mzsr.gov.kz
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы dsb.mangystau.gov.kz
Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы heartcenter.kz
Ұлттық медициналық холдинг nmh.kz
Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы emergency.kz
Ұлттық нейрохирургия орталығы neuroclinic.kz
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы nrcmc.kz
ҚР Президенті іс басқармасы Медициналық орталығы mcudprk.kz
Республикалық балаларды оңалту орталығы rdrc.kz
Маңғыстау облыстық онкологиялық диспансері onko.mangystau.kz
Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығы mopc.kz
Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Маңғыстау облыстық департаменті medfarm-aktau.kz
МКК «Маңғыстау облысының СПИДпен күресу және алдын алу орталығы» antispid.kz
Маңғыстау облысының "ҚАННЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ" mangystau-ock.kz
Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының облыстық орталығы zozh.mangystau.kz
Сіздің сайт бойынша пікіріңіз
   Ваш отзыв о сайте